359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ХВҚ: Қазақстан экономикасында өсім бар

  • 115

Қазақстанның экономикасында өсім байқалады. Көрсеткіш шетелдік сарапшылардың өзін таңқалдырып отыр.

Халықаралық валюта қорының өкілі Марк Хортонның айтуынша, қор мамандары Қазақстанның экономикалық өсімі 4 проценттен төмен болады деп болжаған. Дегенмен, экономистер көрсеткіш шамамен 4 жарым пайызға жетеді деген пікірде. Марк Хартон алдағы уақытта көрсеткіштердің өзгеруі мүмкін деп отыр. Өйткені экономикалық өсімнің жоғарылауына бірнеше фактор әсер етеді.

Марк Хортон, ХВҚ Орталық Азия, Таяу Шығыс елдері департаменті директорының орынбасары:

- Қазақстанның мемлекеттік органдарының келтірген мәліметіне сүйенсек, біздің болжам қате болуы да мүмкін. Өйткені, экономикалық өсімге әсер ететін бірнеше фактор бар. Мәселен, реформалардың сәтті жүзеге асырылуы тікелей байланысты. Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктерді сауықтыру жұмыстары қалай жүргізілсе, экономикалық өсім де сол деңгейде болмақ.

Экономикалық көрсеткіштердің өсуіне, салық реформасы да оң әсер етпек. Осы орайда Марк Хортон жалақысы төмен азаматтардың кіріс салығын төмендету шарасына оң баға берді. Бұдан бөлек экономиканы көтерудің бірден бір жолы бизнесті көтеру қажет екенін атап өтті. Сарапшының мәліметінше, еліміздегі кәсіпкерлік саласы екі жылда жаңа деңгейге шығатынын тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы