361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда екі бірдей өндірістік ірі нысан жұмысын бастайды

  • 149
Оралда екі бірдей өндірістік ірі нысан жұмысын бастайды

Батыс Қазақстан облысы экономикасына жыл басынан бері тартылған инвестиция көлемі 114 миллиард теңгеге жетті.

Аталған қаржының 61 пайызы өнеркәсіп өндірісін өрістетуге бағытталған. Мәселен, Оралда химиялық реагенттер өндіретін және мыс кабель жасаумен айналысатын екі бірдей ірі нысан жұмысын бастайды. Бұл өндірістік жобаларға инвесторлар 20 миллион АҚШ долларын жұмсаған. Ал Бөрлі ауданында сұйық азот өндіретін зауыт құрылысы таяуда аяқталады. Жобаны қолға алған инвестор 1 миллион АҚШ долларын салыпты. Айта кету керек, Бөрлі инвестиция тартуға ең қолайлы аймақтар қатарында. Аудан Ресейдің Орынбор облысымен шектеседі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, келер жылы Подстепный - Ресей шекарасының Илек қаласына дейінгі аумақтағы тасжолдың күрделі жөндеу жұмыстары басталады. «Бұл да – инвестиция тартуға қолайлы мүмкіндік», – дейді мамандар.

Санжар Әлиев, Бөрлі ауданының әкімі:

– Аудан Орынбор қаласындағы жолдың бойында тұр. Елбасының тапсырмасына сәйкес, биыл жобалық сметалық құжаттамалар дайындалды.

Хабар 24 телеарнасы