352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Global Silk Road» форумы: Шаһарлардың инновациялық дамуына мән берілмек

  • 130

Жібек жолы елдері қалаларының басшылары шаһарлардың инновациялық дамуына мән бермек.

Тараптар күн тәртібінде цифрландыру, жасанды зерде мәселелерін қаузайды. Жиынға жиналғандардың мақсаты – әлеуметтің әлеуетін арттыру.

Қалаларды халық үшін ыңғайлы ету керек. Жібек жолы елдері қалаларының басшылары бір дөңгелек үстел басында жиналып, осы мәселе бойынша пікір алмасты. Еуропа мен Азиядан келген 30 елдің мэрлері шаһарларды инновациялық тұрғыдан дамыту бойынша тәжірбие бөліспек. Жиын басында сөз алған Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев әріптестеріне шақыртуды қабыл алғандары үшін алғыс білдіріп, елорданың даму жоспарымен таныстырды.

Айта кетейік, шетелдік меймандар кешеден бері Астананы аралап, бас қаладағы алдыңғы қатарлы инновациялық жобаларды тамашалады. Әсіресе, «Смарт Астана» жобасы көпшілікті таң қалдырды.

Хабар 24 телеарнасы