359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сума Чакрабарти: АХҚО «Бір белдеу, бір жол» жобасын іске асыратын бірден-бір құрылым бола алады

  • 83

«Астана» халықаралық қаржы орталығы аймақтың басты қаржы хабына айналуына толық мүмкіндігі бар.

Бүгін орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген шетелдік қаржы ұйымдарының басшылары осындай пікір білдірді.

Бүгін еліміз үшін тарихи күн деп айтсақ болады. Осы сәтті қалт жіберіп алмас үшін 50-ден астам мемлекеттен жетекші сарапшылар елордаға арнайы келді. Олардың ішінде ірі инвесторлар мен атақты миллиардерлерге дейін бар. Әрине, бұл орталық қалталы азаматтардың қаражатын еселендіруге жол ашса, еліміз үшін қосымша табыс табуға мүмкіндік бермек. Еліміздің көздегені де осы. Елбасы осыдан 3 жыл бұрын тиісті орталықтың негізін қалауға бастама көтергені де сондықтан. Осы тұста айта кеткен жөн, бүгін орталықтың ашылу салтанатында әлемнің жетекші қаржыгерлері оның мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Мәселен, Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти орталықтың өңірдегі басты қаржы хабына айналуына әлеуеті жоғары деген пікір білдірді. Тіпті «Бір белдеу, бір жол» жобасын іске асыратын бірден-бір құрылым бола алады», – деді. Бұл ретте банк Қазақстанға барынша қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Орталық Ислам даму банкімен де берік ынтымақтастық орнатқан. Алдағы уақытта ислам бағалы қағаздарын шығаруды жоспарлап отыр. Қаржы ұйымының президенті Бандар ибн Мұхаммед Хамза Хаджар бүгін ашылу салтанатына арнайы келіп, барша қазақ еліне құттықтауын жеткізді.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Хабар 24 телеарнасы