363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцариялық сарапшылар АХҚО-ға қатысты пікір білдірді

  • 140

Швейцария инвесторлары мен кәсіпкерлері «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуын құптап отыр.

Олар бұл тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге барлық аймақтың инвестициялық әлеуетін әртараптандыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімді.

Хайнер Хартвих, СоntrolConcult компаниясының өкілі:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының даму тұжырымдамасын естігенде, аймақта ағылшын тілі қолданылатын қаржы орталығының ашылуына қатты қуандым. Себебі, кейбір елдерде тіл түсініспеушілік мәселелері болып тұратыны белгілі. Сондықтан Астанада Батыс пен Шығысты үйлестіретін халықаралық қаржы орталығын ашу орынды және болашағы зор деп есептеймін.

Мартин Эмх, Швейцария консалтингтік компаниясының өкілі:

- Бұл табысты жоба болары сөзсіз! Ол үшін білікті мамандар жеткілікті. Мен қаржы, банк, инвестиция, несие салаларында және мемлекеттік пен жекеменшікті басқару жүйесінде қазақтың көптеген білімді мамандарын танимын. Мұнда халықаралық құқық ережелеріне сәйкес жұмыс жүретіні айтылған. Бұл инвесторлардың қызығушылығын арттырады, себебі оларға заңға сүйенген инфрақұрылым қажет. Аймақтарыңызға осындай орталық керек екені даусыз.

Хабар 24 телеарнасы