353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қор биржасында сауда қыза түсті

  • 125
Қор биржасында сауда қыза түсті kase.kz

Қазіргі кезде халық жинаған қаражатын депозиттен гөрі қор биржасына салуды жөн көре бастаған.

Соңғы жарты жылда Қазақстан қор биржасындағы жеке тұлғалардың саны бес жүзге артып, бүгінде 110 мыңға жетті. Қаржы ұйымы өкілдері: «құнды қағаз иелерінің саны арта түспек», – дейді. Мәселен, өткен алты айдағы сауда екі есеге өсіп, 1,5 млрд теңгеге жетті. Оған қоса жеті жаңа компания құнды қағаздарын саудаға салыпты. Нәтижесінде құнды қағаздың бағасы көтеріліп, оған иелік ететіндер 23-тен 65 пайызға дейін табыс тапқан. Қор биржасының мамандары болса жеке тұлғаларға құнды қағазы мен қаржысын еліміздің Қаржы министрлігінің айналымына салуда ұсынуда. Өйткені министрлік тарапынан табыс жылына 8,5 пайызға өсіп, 10-12 жылға дейін кепілдік беріледі. 

Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ вице-президенті:
- Бұл жоба табысты әрі тұрақты деп айтуға болады. Өйткені қор биржасындағы табыс тұрақсыз. Бірнеше жылдан кейін құнды қағаздардан түсетін табыс 6 пайызға дейін түсіп кетуі мүмкін. Ал Қаржы министрлігінің құнды қағаздары тұрақты табысқа негізделген. 

Хабар 24 телеарнасы