363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Халық Банкі» Qazkom-мен қосылу жұмыстары толық аяқталғанын мәлімдеді

  • 115
«Халық Банкі» Qazkom-мен қосылу жұмыстары толық аяқталғанын мәлімдеді

Бірақ бұл екі қаржы институтының біріккен жүйесінде 30 шілдеде техникалық ақау болып, соған байланысты тұрғындардан мыңнан аса арыз түскен.

Себебі, онлайн жүйе істен шығып, бөлімшелерде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету кезінде қиындықтар туындады. Мәселен, дүйсенбі күні банктің Астана мен Алматыдағы бөлімшелерінде 350 адамның орнына мыңнан аса жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге тура келген. Сондықтан  тұрғындар бірнеше сағат кезек күткенін айтады. Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір барлық техникалық ақаулар реттелген. Бүгін банктердің барлық бөлімшелері қалыпты жұмыс істеп тұр. Өткен тәуліктегі көрсетілмеген қызметті уақытында атқару үшін банк қызметкелері қосымша мамандармен қамтылған.

Нұрлан Жағыпаров, «Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Басты мәселе біздің жаңа қызмет көрсету кезеңіне ауысқанымыздан туындады. Біздің жүйе бір күнде осыншама халықты қабылдауға дайын болмады. Алдағы бірнеше күнде бұл кемшіліктер жойылады. Ал арыздардың көбі онлайн жүйенің жұмысы мен төлем қызметінің сақталмауына байланысты. Оның барлығы қайта қалпына келтіріледі. Тұрғындардан апта соңына дейін сабыр сақтауды өтінеміз.

Хабар 24 телеарнасы