361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында шығарылатын түйенің құрғақ сүтін суға езіп шұбат ішуге болады

  • 698

Түркістандағы түйе және бие сүтін өңдеп, одан құрғақ ұнтақ шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын.

Дәлірек айтқанда 30 тамызға дейін пайдалануға беріліп, сынақ мерзімінде жұмыс істейді. Ал желтоқсан айында толық іске қосылады. Ол кезде 80 адам жұмыспен қамтылады. Оның онға жуығы қытайлық маман болса, қалғанына жергілікті тұрғындар тартылады. Зауыт тәулігіне 100 тонна түйе сүтін қабылдап, одан құрғақ ұнтақ шығарады. Дайын өнімді қайнаған суға езіп, шұбат қылып ішуге болады. Қытай инвесторларының қаржысына салынған зауыт құны 7 жарым млрд теңге. Бірлескен кәсіпорынның 95 пайызы Қытайға, қалған 5 пайызы Қазақстанға тиесілі. Дайын тауар толықтай экспортқа шығарылатындықтан өнім сапасына қойылар талап та жоғары болмақ.

Жазира Озатқызы, зауыт директорының орынбасары:

- Қазір енді Қытайға жібереміз, одан кейін Еуропа елдеріне, АҚШ, Австралия деген сияқты мемлекеттерге де кейін экспортқа шығару жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы