356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олег Смоляков: Елімізде доллар дүрбелеңі белең алған жоқ

  • 136

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков: «елімізде доллар дүрбелеңі белең алған жоқ. Кім қанша ауыстырғысы келсе де шетел валютасы жеткілікті. Бағамдағы ауытқулар байбалам салуға негіз емес» деп айтты елордада өтіп жатқан Үкімет отырысында.

Жиында сөз алған Ұлттық экономика министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш артып келеді. Соңғы 7 айда мемлекеттік бюджетке 4 трлн теңгеден аса қаражат түскен. Өсу қарқыны 116 пайызға артты. Салықтық, кедендік тексерулер 52 пайызға қысқарды. Тікелей шетелдік инвестиция 7 млрд теңгені құрады. Бұл 24,4 пайызға жоғары. Ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Тек 6 өңірдегі көрсеткіш республикадан төмен. 7 айда құрылыс саласының құбылуы байқалған. Тіпті 1,3 процентке баяулады. Экспорт үлесі 21 пайызға, импорт 8 пайыздан артқан. Соңғы 7 айда елімізде 297 мың адам жұмысқа орналасқан. 

Хабар 24 телеарнасы