USD 319.68

EUR 392.60

РУБ 5.63

Жапонияда шимпанзелерге зерттеу жүргізілді

Жапонияда шимпанзелерге зерттеу жүргізілді Энциклопедия животных

Шимпанзе де адамдар сияқты ойын ойнай алады.

Киото университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді. 7 маймылға жүргізген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, олардың бесеуі «тас-қағаз-қайшы» ойынын үйреніп алған. Әуелі қағаз бен тастың бейнесі арнайы экранда көрсетіледі.

Мамандар әр дұрыс жауап сайын оларды тамақтандырып отырған. Ал ойынның өзі оларға ой салғанға ұқсайды. Яғни тасты жеңген қағаз неліктен қайшыдан жеңіліс тапқанына түсінбеген сыңайлы. Сөйтіп шимпанзелердің зеректігі 4 жасар баланікімен пара-пар болып шықты. Дегенмен маймылдар ойын шартын түсіну үшін әлдеқайда көп ойланған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде