USD 340.35 EUR 403.80 РУБ 5.84

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Мьянманың батысында 400 мұсылман азаптап өлтірілген

  • 1807
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (1 Vote)
Мьянманың батысында 400 мұсылман азаптап өлтірілген

Соңғы күндері Аракандағы әскерилердің мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттері жиілей түскен.

Ракхайн штатында 2 мыңнан аса мұсылманның үйі өртелген. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мұсылмандарға қоқан-лоққы көрсетіп, оларды елден қуу үшін тұрып жатқан елді мекендеріне от қойып жүргендер – әскерилер.

Айта кетейік, жергілікті мұсылмандар мен буддистер арасындағы қақтығыстар Мьянмада жиі болып тұратын құбылыс. Оқиға өткен айда рохинджа жауынгерлерінің полицейлер бекеті мен казармасына жасаған шабуылынан кейін шиеленісіп, арты қанды қақтығысқа ұласқан. 50 мыңнан аса адам көршілес Бангладешке барып бас сауғалаған. 

Рохинджа мұсылман дінін ұстанатын этникалық бенгалдар. Мьянма билігі мен халқы оларды лаңкестік ұйымдарды қолдайтын заңсыз мигранттар деп санайды. Сондықтан да оларға ел азаматтығы берілмей келеді. Бұл туралы The Independent газеті хабарлайды

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top