USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Ресей президенті спортшыларының Пхенчхан Олимпиадасына бейтарап түрде қатысуына рұқсат берді

  • 246
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ресей президенті спортшыларының Пхенчхан Олимпиадасына бейтарап түрде қатысуына рұқсат берді Фото: Passion.ru

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ел спортшыларының 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына бейтарап түрде қатысуына рұқсат берді.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап Vesti.kz хабарлады.

Владимир Путин Горьковск автозауытында жұмысшылармен кездесуі кезінде Ресей спортшыларының Кореяда өтетін 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына бейтарап түрде қатысуына кедергі келтірмейтіндігін айтты.

«Спортшыларымызға Олимпиадаға қатысуға кедергі болмаймыз. Олар бүкіл өмірін осы ойындарға дайындықпен өткізіп келеді, бұл олар үшін өте маңызды. Сондықтан ешкімге тыйым салмаймыз»,деді Путин.

Еске сала кетейік, Ресей құрамасы 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына өз елдерінің атынан қатыса алмайды. Бұл шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті Лозаннада өткен арнайы отырыста қабылдаған болатын. 

Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-28 ақпан аралығында өтеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top