USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Кагава префектурасында құс тұмауы тіркелді

  • 86
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Кагава префектурасында құс тұмауы тіркелді Фото: ntv.ru

Жапонияның Кюсю аралында құс тұмауы шығып, 90 мыңнан астам тауықтың көзі жойылды.

Індет Кагава префектурасына қарасты Сануки қаласындағы фермалардың бірінде пайда болған. Осыған байланысты жергілікті билік тұмау тіркелген шаруашылықтан 3 шақырымдай қашықтықта құс және тауық еті мен жұмыртқасын тасымалдауға тыйым салды. Сондай-ақ осы қожалыққа жақын орналасқан басқа да фермаларға өз өнімдерін сыртқа жіберуге шектеу қойылды. Кагава өңірінде құс тұмауы биыл алғаш рет тіркеліп отыр. Қазір ол кеңінен етек жаймас үшін барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып отыр.

Айта кетейік, Жапонияда осы індеттің салдарынан 2016 жылдың қарашасынан 2017 жылдың наурыз айына дейін 1 жарым миллион тауықтың көзі жойылған болатын.

Ёсихидэ Суга, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы: 

– Биыл құс тұмауы алдымен көрші елдерде тіркелді. Содан кейін Жапонияда жабайы құстар арасында анықталды. Сондықтан індет енді елдің басқа да аймақтарына таралуы мүмкін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top