Грекияға ағылған мигранттар легі қайта көбейді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Грекияға ағылған мигранттар легі қайта көбейді

  • 120
Грекияға ағылған мигранттар легі қайта көбейді

Түркия жағалауынан Грекияға ағылған мигранттар легі қайта көбейіп, жергілікті билік алаңдаушылық білдіруде.

Себебі шілде айында күн райының жақсаруымен, грек жеріне 5 мың босқын табан тіреген. Соңғы бірнеше күнде елдегі аралдарға тағы 1 мыңнан астам мигрант келіп, ондағы келімсектердің саны 18 мыңға жеткен. Оның үстіне грек үкіметі өткен айда Германия және Испаниямен осы мемлекеттерге өткен мигранттарды қайта қабылдау туралы келісімге келіп, жағдай қиындай түскен. Өйткені босқындарды қабылдау орталықтары толып, жаңа келген келімсектерді орналастыратын жер табылмай жатыр. Ал ресми дерекке қарағанда, өткен жылы Грекияда босқын мәртебесін алу үшін 58 мыңға жуық адам өтініш берген. Осы ретте грек билігі Еуроодақтан көмек сұрап отыр.

Димитрис Вицас, Грекияның Миграция жөніндегі министрі:

– Мигранттарды бірінші болып қабылдайтын елдерге қаржылай көмек беріп, қосымша мамандар жіберілуі тиіс. Біздегі 5 аралға мұндай қолдау ауадай қажет. Себебі қақтығыс аймақтарынан ағылып жатқан мигранттармен қатар Еуроодақтың өзге елдерінен де босқындар кері қайтарылып жатыр. Салдарынан Грекия жан-жақтан қысым көруде.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде