Сингапурде хакерлер емхананың желісіндегі деректерді ұрлады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Сингапурде хакерлер емхананың желісіндегі деректерді ұрлады

Сингапурде хакерлер емхананың желісіндегі деректерді ұрлады

Сингапурдегі медициналық клиникаға ел тарихындағы ең ірі кибершабуыл жасалды.

Мұнда бір жарым миллионға жуық адамның жеке мәліметі ұрланған. Оның ішінде елдің премьер-министрі Ли Сян Лунға қатысты деректер де бар. Бұл туралы Сингапурдың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми дерекке сүйенсек, хакерлер 2015 жылдың 1 мамырынан бастап, 2018 жылдың 4 шілдесіне дейінгі аралықта осы клиникада қаралған емделушілер туралы мәліметтерді ақтарған. Әзірге кибершабуылды кімнің жасағаны туралы ақпарат жарияланған жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қаскүнемдер операцияға тыңғылықты дайындалған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде