359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда тікұшақ құлады

  • 90
Австралияда тікұшақ құлады

Австралияның оңтүстік-шығысындағы орман өртін сөндіруге жіберілген арнайы тікұшақ құлады.

Ұшқыш қайтыс болды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, көлік ағашқа соқтығысқан. Оқиға Сиднейден 180 шақырым жерде орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының жағалауында болды. Осы аймақта жалынның 80 шақты ошағы тіркелді. Мамандардың айтуынша, табиғи апатқа аптап ыстық себеп. Соңғы ақпарға сәйкес, тілсіз жауды ауыздықтауға 700 адам мен 40 әуе техникасы жұмылдырылды. Синоптиктердің болжамынша, қарашаға дейін ыстық басылмайды екен.

Шейн Фитцсиммонс, Оңтүстік Уэльс өрт сөндіру комитетінің басшысы:

- Дәл осы уақытта орман өртінің көбеюі Австралияда сирек болатын жағдай. Негізінен бұған құрғақ ауа мен аптап ыстық әсер етеді. Ал тоқтамай тұрған жел оның үдейе түсуіне себеп болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы