Оралда жаңа театр ашылды - Қазақстан жаңалықтары, соңғы жаңалықтар, фото, онлайн, видео, 24 KZ

KZ  RU  

              

KASE

USD/KZT
343.72
EUR/KZT
378.70
РУБ/KZT
5.38

Оралда Халықаралық театр күні жаңа өнер ұжымы жұмысын бастады.

Театрдың режиссері әрі көркемдік жетекшісі белгілі актер – Еркін Тасболат. «Ұлы дала» атауын иеленген театр келешекте әлемдік деңгейдегі шығармаларды сахналауды мақсат етеді. Әзірге негізгі көрермені жеткіншектер. Сондықтан болар, тұсаукесер қойылым шымылдығы да «Сақ бол» атты халық ертегісімен түрілді. Айта кету керек, Халықаралық театр күні атаулы мереке ретінде 1961 жылы Венада өткен конгресте бекітілген. Мақсат – жер жүзіндегі барша театр ұжымдары мен өнер шеберлерінің шығармашылық байланысын бекемдей түсу. Су жаңа сахнаның тырнақалды туындысын көрермен жылы қабылдады. Безендірілуі, декорация мен актерлердің ойнау шеберлігі де көпшілік көңілінен шықты.

Замир Сүйінғалиев, облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Театрға келіп жүрсек, болашақта өз үлесімізді басқа да адамдарға қосамыз, білімді боламыз, мәдениетке көшеміз және ақылды боламыз.

Айжан Хамидуллина, театр директоры:

Өнер саласында оқып жүрген 5 актеріміз бар, бір музыкалық операторымыз бар, әзірге ұжымымыз кішкентай. Өйткені жаңадан ашылып жатқаннан кейін облыс, республика деңгейінде қалып қоймай, біздің Қазақстанның туын әлемдік деңгейде көтеріп, өзге мемлекетке апарып танытқымыз келеді. Ең үлкен арман-мақсатымыз осы.

 Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Бейне

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар

Көп оқылғандар

  1. бүгін
  2. бір аптада
  3. бір айда

ТОП БЕЙНЕ

Әдепті бұғы

Әдепті бұғы

Оқылды:21

Фоторепортаж

                                                                                                                          



 

   Яндекс.Метрика

«24 KZ» - тәулік бойы ақпарат тарататын арна. Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде гиперсілтеме берілуі керек. www.24.kz

Design by TV Channel «24 KZ» 2015