USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


«Оралман» фильмі Германиядағы халықаралық кинофестивальде бақ сынайды

  • 126
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
«Оралман» фильмі Германиядағы халықаралық кинофестивальде бақ сынайды

Режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмі қарашаның 9-19 күндері өтетін 66-шы Халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалінің негізгі бағдарламасында бақ сынайды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген аталған фильм туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жыл өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды.

Биыл фестивальдің бас жүлдесіне отандық картинадан басқа 22 елден 21 картина таласқа түседі. Олардың қатарында Франция, Аргентина, Дания, Эстония, Исландия, Үндістан, Иран, Израиль, Түркия, АҚШ, Германия және басқа елдер бар.

Айта кетелік, Башқұртстанда үстіміздегі жылдың желтоқсанында өтетін IV Халықаралық «Күміс Ақбозат» кинофестивалінің ашылу салтанаты «Оралман» фильмімен ашылады.

Жеңімпаздар есімі 19 қараша күні фестивальдің жабылу салтанатында жарияланады. 

Естеріңізге сала кетсек, «Оралман» көркем фильмі осы жылдың басында Иранның астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалі мен XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Фильмде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда қыркүйек айында Татарстанда өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ картина Италияда өткен ХХ Халықаралық Religion Today кинофестивалінде «Үздік фильм» номинациясында жеңіске жетіп, тәуелсіз SIGNIS қазылар алқасының арнайы жүлдесін иемденді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top