356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жалғыз жауқазын» телехикаясы түсіріліп жатыр

  • 238

«Хабар» арнасы көрермендерін тағы бір жаңа кинотуындымен қуантпақ.

Мелодрама жанрындағы 12 сериялық телехикая «Жалғыз жауқазын» деп аталады.

Оқиға желісі дәулетті отбасының жалғыз қызы Айсұлудың тағдыры арқылы өрбиді. Басты кейіпкер Айсұлуға мұра болып өтетін байлыққа қызыққан сүйген жігіті оның ата-анасына қастандық жасайды. Осы жайды  білген Айсұлу бас сауғалап, нағашы әжесі тұратын ауылға қашып кетеді.  Бұдан әрі оның өміріндегі қилы кезеңдер мен бұралаң сәттер алма-кезек ауысып отырады. Сериалдағы қатыгез Арсеннің рөлін жас актер Ақберен Жұмабаев ойнайды.  

Ақберген Жұмабаев, актер:

- Бұл жобада сценаристердің ойы – сенгіш адамдармен, аңқау адамдармен, өмірде кіршіксіз таза адамдар мен пасық, қолынан қатыгездік келетін адамдарды ажырата көрсету. Бұл сериалдың тәрбиелік мәні бар деп ойлаймын. Бұл көрерменнің көңілін көтеріп, рейтинг жинау үшін жасалған дүние емес. Көрермен ойына бір дүние тастайтын, ой тастайтын шығарма болады деп ойлаймын.

Телехикаядағы басты кейіпкер Айсұлудың рөлін жас актриса Ақбота Нұр ойнайды. Бұған дейін ол бірнеше отандық киноға түсіп, тәжірибе жинаған. «Алайда олар негізінен комедиялық туындылар еді. Бұл жолы жауапкершілік жүгі ауыр», – дейді ол. «Жалғыз жауқазын» – жас режиссер Төребек Бейсебаевтың мелодрама жанрындағы алғашқы жұмысы.  

Төребек Бейсебаев, телехикая режиссері:

- Техникалық жағына келетін болсақ, бәрі жақсы. Барлығы бар. Ал актерлер алдында комедия ойнап жүргендер. Оларға да драма ойнаған өте қызық. Сондықтан барын салып ойнап жатыр.

Телехикая көріністері негізінен Алматы мен Алматы облысында түсіріліп жатыр. Шығармашылық ұжым 50 адамнан тұрады. Бұл жаңа туынды «Хабар» арнасының күзгі маусымына көрсетіледі. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы