352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Президентінің телерадиокешені «Астана Опера. Музалар салтанаты» деректі фильмін жариялады

  • 140

ҚР Президентінің телерадиокешені «Астана Опера. Музалар салтанаты» деректі фильмін ғаламторда жариялады.

«Астана Опера - Қазақстанның нағыз мақтанышы.

Елордамызда бұл мәдениет ошағын құрудың жарқын бастамасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Астана Опера 2013 жылы салынған. Мамандар атап өткендей, Астана Опера функционалдық параметрлері бойынша итальяндық Ла Скала, Мадридтегі Театро Реал, Мәскеудегі Үлкен театр және Нью-Йорктегі Метрополитен операсы сияқты әлемдік опера үйлерінен кем түспейді.

«Зауыттар мен жолдарды салатын ел болашақта берік негіз қалайды. Мектептер мен ауруханаларды салатын ел, театрларды салатын ел ғасырлар бойы алға басады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев театрдың ресми ашылуында. Фильмнің толық нұсқасын Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің YouTube арнасынан қараңыздар», - делінген ҚР Президенті телерадиокешенінің фейсбук парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы