359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қаратаудың баурайындағы ауылда шертпе күйдің шеберлері тұрады

  • 303
Қаратаудың баурайындағы ауылда шертпе күйдің шеберлері тұрады

Елімізде 1 шілде ұлттық домбыра күні. Бұл күні екі ішекті ұлттық аспаптың қадір-қасиетін әспеттеледі.

Қазақстанның әр аймағына тән өзіндік мектеп қалыптастырған күйшілер туралы не білеміз?

Созаққа барсаң күйшімін деме. Мұны бір кездері Қаратаудың етегіне сапар шеккен жазушы Мұхтар Әуезов күй өнеріне деген бағасын осылай берген. Шынын да Созақ күйші қауымға бай өлке. Солардың ізін алып келе жатқан Жүзбаевтар әулеті елімізге кеңінен танымал. Әлімхан ақсақалдан тарайтын Жанғали, Ерғали, Сәрсенғали, Еркеғали Дәулет атты ұлдары домбыраның құлағында ойнайды. Ал үйдің кенжесі Дәулет болмысы бөлек жан. Ақындығы әпкесі Жұпардан кем емес.

Әлімхан қария шертпе күйдің шебері. Ылғи да ұстазы Сүгірді пір тұтады. Өзі де бірнеше шығармаларды дүниеге әкелген. Күйді ел тарихынан бөліп қарау мүмкін емес. Негізі күй жайдан жай шығарыла салмайды. Ол адам жанының ішкі толқынысынан, сезімінен пайда болады.

Әлімхан Жүзбаев, күйші: 

- Сүгір Әлиевтің көзін көрген адамбыз. Шертіп тартатын күйді. Солақай еді, сол қолымен тартатын. Жас кезімде концертке қатысып жүргенде нұқыл төкпе күй тартатынмын. Кейіннен Сейітхан ағамыздан шертпе күйге ауып кеттім де, төкпе күйден айырылып қалдым көбісін. Есіл дертім шертпе күйге кетіп қалды.

Жүзбаевтар жанұясындағы Жанғали мен Сәрсенғалидың орны ерек. Тыңдарман қауым әсіресе осы ағайындылардың  шертпе күйді орындағынына ықылас қояды. Екеуі де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Ал Еркеғали Әлімханұлы Созақ ауданындағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде ұстаздық етеді. Әлімхан атайдың қызы Айткүл де домбыра мен қатар қобызды ағаларынан қалыспай тартады.

Айткүл Жүзбаева, қобызшы:

- Біз енді әкемізден 8 болғанымызбен біздің ішімізде төртеуміз кәсіби деңгейдегі музыканттармыз десек болады. Қобыз өнері де күй өнері ғой. Екеуі егіз ғой домбыра мен қобыз қазақта. 

Күй өнері – музыкалық  өнердің биігі. Қаратаудың киелі күйшілік мектебінің бірден-бір мұрагерлері күй өнерін тың бағытпен зерттеуге ден қойып келеді. Әкенің рухымен, ананың сүтімен дарыған бұл өнер иелерінің шеберліктерін «ұрпақтар сабақтастығына» жатқызуға болады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы