352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барымташылар» фильмі Жетісуда түсіріледі

  • 204

Қазақстан мен Жапонияның бірлескен жобасы – «Барымташылар» кинофильмінің негізгі көріністері Алматы облысының Райымбек және Нарынқол аудандарында түсіріледі.

Басты тақырып әлеуметтік мәселе болғанымен, кинода жер жәннаты Жетісудың әсем табиғаты жиі көрініс табады. «Бұл – отандық туризмді кинотуынды арқылы насихаттаудағы маңызды қадам», – дейді фильм авторлары. Басты рөлдерге екі елдің танымал актерлері шақырылған. Ал жалпы көріністерге жергілікті тұрғындар қатысады.

Қарлыға Сейсенова, киножобаның бас менеджері:

- Фильмді біз бір жарым айда түсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл фильм болашақта үлкен халықаралық кинофестивальдерге жолдама алады. Оған біз сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы