Үлкен кәсіпті тізгіндеген студент қыз - Қазақстан жаңалықтары, соңғы жаңалықтар, фото, онлайн, видео, 24 KZ

KZ  RU  

              

KASE

USD/KZT
335.48
EUR/KZT
375.25
РУБ/KZT
5.10

Үлкен кәсіпті тізгіндеген студент қыз

Үлкен кәсіпті тізгіндеген студент қыз voxpopuli.kz

«Жас болса да бас болды».

Мұндай құрметті теңеуге ер-азаматтар ғана емес, бұрымдылар да әбден лайық. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміздің бірі 21 жасында отандық өнімдер сататын дүкен ашып, ЕХРО қалашығын құруда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Алайда ол мұнымен тоқтап қалмақ емес.

Рахима Ғазизова Алматыдағы Ұлттық университеттің филология факультетінің студенті. Бүгінде 4 халықтың тілін еркін меңгерген білімді бойжеткен өзі құрастырған әдіс бойынша ағылшын тілін өзгелерге үйретуде. Ол аздай, Астана тұрғындары үшін таза отандық өнімдерді саудалайтын «Халық маркасы» атты алғашқы дүкендер желісін ашып отыр. Бар болғаны 21 жасында осындай үлкен бастамаларды жүзеге асырып жүрген қызының іске деген икемділігін анасы «ертерек байқадым», - дейді.

Айнұр Таласбаева, Рахиманың анасы:

- Қызым бала кезден айналасындағы адамдарға қарап, солардан үйренуге, жақсы қасиеттерін меңгеруге тырысатын. Қазір де оның айналасында бизнесте айтулы жетістіктерге жеткен жас кәсіпкерлер көп. Бірақ қызым екеуміздің бұдан өзге де арман-жоспарларымыз жеткілікті.

Ең жас кәсіпкер ашқан «Халық маркасы» дүкенінде қазірде Қазақстанда жасалған 500-ге жуық тауардың түрі бар. Бизнесте айтарлықтай тәжірибелі болмаса да, Рахима бұл сүбелі іске өзіндік лебін алып келген сыңайлы.   

Гауһар Хасенова, «Халық маркасы» дүкенінің әкімшісі:

- Жетекші ретінде Рахима өте талапшыл. Бұл орынды деп есептеймін. Өйткені ісін енді бастап жатыр. Ол еш жерде қолданылмайтын ерекше технологияларды енгізбек. Сондықтан халық қалауына сай қызмет етеміз деп ойлаймын.

Тағы бірнеше шет тілін меңгеру мен бизнестегі үлкен жоспарлар студент Рахима арманының әлі шыңы емес. Ол ел өміріндегі ең маңызды оқиғаларға атсалысып, өзіндік қолтаңбасын қалдыруды қалайды.

Рахима Ғазизова, кәсіпкер:

- ЕХРО-2017 ұлттық компаниясы Texspire атты дизайн мен тоқыма студиясына ұлттық павильонды жобалауға тапсырыс берді. Мен сол жобаның менеджері болдым. Оны әуенмен әрлеп, ІТ жағынан толықтырып, барынша кәсіби тұрғыда ұсыну үшін іздендім. Сондықтан ЕХРО-ға үлесімді қостым деп ойлаймын.

Заман ұсынған үлкен мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, сескенбей, іс жүзінде қолдана білу тек білімді, мақсаты айқын жастардың ғана қолынан келеді. Рахима да сол алдыңғы қатардағы озық ойлы ұрпақтың өкілі. Жақында Лондондағы әлемнің ең үздік университеттерінің бірі оны білім алуға шақырыпты. Сондықтан бұл талапты бойжеткеннің мұнарлаған биігі әлі алда екендігі сөзсіз.

Авторлары: Кәусар Аяпбергенқызы, Ерсін Мұхамбеталин

 Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Бейне

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар

Көп оқылғандар

  1. бүгін
  2. бір аптада
  3. бір айда

ТОП БЕЙНЕ

Фоторепортаж

                                                                                                                          



 

   Яндекс.Метрика

«24 KZ» - тәулік бойы ақпарат тарататын арна. Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде гиперсілтеме берілуі керек. www.24.kz

Design by TV Channel «24 KZ» 2015