USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Ақтөбеде газ тапшылығы жойылмай отыр

  • 109
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ақтөбеде газ тапшылығы жойылмай отыр

Ақтөбеде газбен жүретін автокөліктерді тіркеуге алу үшін арнайы рейд ұйымдастырылды.

Себебі өңірде газ тапшылығы әлі де жойылмай тұр. Ай сайын облысқа арнайы квотамен 7 мың 700 тонна сұйытылған газ бөлінеді. Дегенмен газ құю стансаларында сұйытылған отынның жетпей қалатын кездері жиі қайталанады. «Тапшылықтың себебі – көліктердің жаппай газға көшуі», – дейді мамандар. Қаланың өзінде 34 мыңнан астам көлік сұйытылған газды пайдаланады. Алайда өз бетінше газ құрылғысын орнатып, тіркеуге алынбаған көліктер көп болуы мүмкін. Сондықтан жергілікті полиция қызметі рейд шараларын жиі өткізуді жоспарлап отыр. Және барлық газ құю бекеттеріндегі газдың қорын сатылуы мен бағасын көрсететін электронды база құрылады. «Әлеуметтік газ ашық түрде кедергісіз сатылуы тиіс», – дейді жауаптылар. Сонымен бірге облыс әкімі газдың бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. Тамыз айының ортасынан бастап, газдың 1 литрі 49 теңгеден сатылады.

Айдос Құлжанов, облыстық жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы:

– Күнделікті жол-патрульдік жасақтары жол қозғалысын бақылау барысында қайта жабдықталған көлік құралын тиісті рұқсатсыз басқару деректерін анықтады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 590-бабы бойынша жыл басынан бері 50 заң бұзушылық тіркеліп, әкімшілік жаза қолданылды. Салынған айыппұл 15 АЕК көлемінде.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top