USD 333.68 EUR 396.25 РУБ 5.82

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қазақстан Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына жетекшілік етеді

  • 146
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қазақстан Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына жетекшілік етеді cnas.md

2017 жылғы 21 қыркүйекте 150-ден астам елді біріктіретін Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы «Әлеуметтік аударымдар – еңбекпен қамтылған халықтың сенімді әлеуметтік төлемақысы» республикалық семинарын ұйымдастырды.

Халықаралық әлеуметтік сақтандыру қауымдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанды Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына төрағалық ете бастауымен құттықтады.

«Қазақстан биыл ТМД елдеріндегі әлеуметтік сақтандыру қорларын біріктіретін серіктес ұйымымыз саналатын Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығын төрағалық ету құрметіне ие болды. Ерекше қуантатын жайт, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы әлеуметтік жүйені дамыту стратегиясын қалыптастыру кезінде өзге елдердің тәжірибесін ескеруге тырысуда. Мұндай қазіргі заманғы және озық көзқарасты үнемі қолдау керектігін түсінеміз. Себебі әлеуметтік қорғау саласы қыр-сыры күрделі өте нәзік жүйе екені белгілі. Халықпен етене қарым-қатынас барысында туындайтын тәуекелдерді жете байыптауда мойнымызға зор жауапкершілік жүктеледі. Білетінім, бүгінде Қазақстанда қоғамдық сананы сергітуді қосқанда барлық өмір тармағын жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Біздің ғасырда ондай батыл шараларсыз мүмкін емес екені аян», деп ойын жеткізген Ханс-Хорст Конколевски құзырлы Министрлік атқарып жатқан шаруалар арқылы Қазақстанның тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін құруда биік белестерді бағындыра алатынына сенім білдірді.

Семинарға Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру мен Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастықтарына мүше мемлекеттердің сарапшылары, ҚР Үкіметі мен Парламенті, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры, жергілікті атқарушы органдар, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Еуразиялық Одақ елдері мемлекеттік құрылымдарының мүдделі жетекші мамандары қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметті қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, үшінші жаңғырту аясында әлеуметтік саланы түбегейлі реформалауға ден қойылғанын әңгімеледі.

«Қазіргі уақытта көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру аяқталып, әлеуметтік сақтандыру жүйесі аяғына нық тұрды. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайтуда 2018 жылдан бастап Қазақстанда жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіліп, әрі қарайғы жаңғырту жоспарлары ертеңгі Әлеуметтік қызметкерлер форумында талқыланатын «Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту» тұжырымдамасында көрініс табатын болады. Бүгін семинар аясында біз қауіпсіз еңбек жағдайы, демографиялық ахуал сынды жайттарды арқау еткен әлеуметтік сақтандыру жүйесін өркендету мәселелерін қарастырмақ ниеттеміз. Негізгі межелі міндет – кіріс көздерін қамтамасыз етуге лайықты жауап беретін халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандырудың тиімді үлгісін қалыптастыру», – деп байыптады вице-министр.

Алқалы кеңес қорытындысында Министрлік болашақта іске асыруға кірісетін бірнеше құжаттар легі түзілді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top