USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Атыраудағы көпқабатты тұрғын үйлерге бейнекамералар орнатылды

  • 514
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Атыраудағы көпқабатты тұрғын үйлерге бейнекамералар орнатылды

Атыраудағы көпқабатты тұрғын үйлер бейнекамералар арқылы бақыланатын болады.

Жаңа қауіпсіздік жобасы бойынша үйдің ауласы мен кіреберіс есігіне ғаламтор желісіне қосылған құрылғылар орнатылып жатыр. Бұл жүйенің артықшылығы барлық мәліметтерді тұрғын үй иесімен қоса қауіпсіздік органдары да бақылай алады.

Прокуратура мен телекоммуникациялық компанияның бірлескен жобасы қылмыстың алдын алуға бағытталған. Аулада ойын алаңдарында жүрген балалардың қауіпсіздігі, аула тазалығы мен кейбір қылмыстардың ізін суытпай ашуға да сеп болады. Осы мақсатта пәтер иелері кооперативтерінің нұсқауымен қылмыс жиі болатын аулаларға алғашқы ақылы бейнекамералар орнатыла бастады.

Руфат Құттыков, Атырау қаласының прокуроры:

Он қабатты үйлерге 20 камера орнатылды. Сонымен қатар біздің алдымызда тұрған мақсат 134 көпқабатты үйді бейнекамералармен жабдықтау. Сондықтан осы жоба аясында біз жылдың басынан бері халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, осы жобаны ары қарай жалғастырып жатырмыз.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, әр 4 мың қылмыстың 1,5 мыңы пәтер тонаумен байланысты. Мамандар осымен ұрлықшылардың да аяғына тұсау саламыз деп отыр. Бейнекөріністер әзірге коммуникациялық қызметті ұсынушы компанияда сақталады. Ал тұрғындарға жеті күн ішінде оқиғаны телефон арқылы көруге мүмкіндік берілген.

Әлия Оразова, телекоммуникация компаниясының өкілі:

– Бұл камералар арқылы тұрғындар өз үйінің алдындағы жағдайды толық бақылап отырады. Ғаламтор желісіндегі қызметті пайдаланғаны үшін пәтер иесінен 380 теңге көлемінде абоненттік төлем алынады.

Жыл соңына дейін қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге 1300-ге жуық камера орнатылмақ. Алдағы жылдары қаладағы барлық тұрғын үйлерді де қамту жоспарланып отыр. Ал болашақта бейнеқорлардың толық мұрағаты құқық қорғау органдарына қарасты жедел басқару орталығының құзырына өтеді.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Әзілхан Уахитов, Амантай Матенов 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top