USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Сенбі күні Петропавл қаласы толығымен жылуға қосылады

Сенбі күні Петропавл қаласы толығымен жылуға қосылады

Петропавлда күні бүгінге дейін жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарының 95 пайызы атқарылды.

Қысымның аздығынан 20-дан астам көпқабатты тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік нысан әлі күнге дейін жылуға жарымай отыр. «Қазір екі ауысымда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары санаулы күндерден соң аяқталып, cенбі күні қала толығымен жылуға қосылады», – дейді қалалық әкімшілік қызметкерлері.

Қайролла Ғалеев, қала әкімінің орынбасары:

 

– Ертең кешке бұл құбырларға су жіберіле бастайды. Сәтін салса, 14 қазанға дейін қаланың ортасындағы үйлер жылынады деген ойдамыз. Қысымның аз болуынан бүгінгі күні кейбір мектептер мен балабақшаларда жылу температурасы тұрақты болмай тұр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде