USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Мұнай саласының мамандары Астанада өткен корпоротивтік HR-форумда пікір алмасты

  • 861
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Мұнай саласының мамандары Астанада өткен корпоротивтік HR-форумда пікір алмасты

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру компаниясы қызметкерлерді басқару жүйесін жыл сайын жетілдіруді дәстүрге айналдырған.

Бұл жолы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ауқымды шара ұйымдастырылды. Еліміздегі ірі мұнай өндіру компаниясына қарасты еншілес кәсірорындардың мамандары жиналып, саладағы тың жаңалықтарымен бөлісті.

Бұл – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру компаниясының корпоративтік HR-форумы. Шараға компанияға еншілес кәсіпорындардан 150-ге жуық сала маманы келді. Олар екі күн бойы өзара тәжірибе алмасып, осы форум аясында өтетін түрлі тренингтерге қатысады.

Гүлбану Шарафетдинова, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ қызметкерлерді басқару департаментінің директоры:

- Форумнан күтеріміз көп. Біз өзіміздің компания атынан Атырау мұнай-газ университеті мен АПЕК петротехник колледжінің студенттеріне арналған дуалды оқу бағдарламасынан алған тәжірибемізбен бөлісуге келдік.

Бір шаңырақ астында 26 мыңнан астам жұмысшы еңбек ететін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы қызметкерлерді  дамыту саясатын ұдайы назарда ұстайды. Сонымен қатар компания мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында бірқатар шараны қолға алып келеді.

Бауыржан Асқаров, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Аппарат басшысы:

- Осы жылы Италияға жеті ай бойы оқуға 16 маман жібердік. ЕНИ компаниясының кен орындарында жұмыс істеп, тәжірибе көрді. Ресейдің мұнай-газ университетіне де жыл бойы мамандарды жіберіп отыр. Биыл ол оқу ордасымен жаңа бағдарлама бастады. Яғни университеттің мұғалімдері біздің 115 мұнайшыны өздері келіп оқытады.

Саладағы тың жаңалықтармен бөлісіп, тәжірибе алмасқан мамандар шетелдік әріптестерінің шеберлік сабақтарына да қатысты.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Ерлан Наурызбаев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top