USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Арқалықта жаңа нысандар ашылды

  • 64
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Арқалықта жаңа нысандар ашылды

Қостанай облысының Арқалық қаласында қос әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Оның бірі медициналық орталық. Үш қабатты ғимарат барлық талапқа сай. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақталған. Денсаулық сақтау мекемесі бір ауысымда жүз адамды қабылдай алады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асқан жобаның құны 100 миллион теңге. Мұның сыртында шағын қалада тағы бір балабақша ашылды. Бұл жаңа ғимарат елу балаға есептелген. Ата-аналар айына бар шығынның үштен бір бөлігін ғана төлейді. Арқалықта кәсіпкерлікті дамытуға да мүмкіндік мол. «Таяу жылдары мұнда ет өңдейтін зауыт өзге де өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр», – дейді облыс басшылығы.

Мейіржан Мырзалиев, облыс әкімінің орынбасары: 

– Ет өңдейтін зауыт бірінші кезеңде инвестицияны 1 млрд теңге көлемінде жүргізеді. Одан бөлек қазір нефрит шығаратын зауыт, күюге қарсы кірпіш шығаратын зауыт салуды қарастырып жатырмыз. Олар бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр және Азия даму банкімен бірге паста шығаратын зауыт мәселесін қарастырып жатырмыз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top