USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Талдықорғанда құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 75
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Талдықорғанда құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды

Талдықорғанда құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды.

Соңғы үлгідегі озық техникамен жабдықталған бұл орталықтың күту залына ақпараттық экрандар орнатылған. Келушілерге бір терезе қағидаты бойынша құқық қорғау саласындағы қызметтердің барлық түрлері көрсетіледі. Тұрғындарға білікті заңгерлер мен медиаторлар және өзге де мемлекеттік мекемелердің өкілдері кеңес береді. Жыл сайын Алматы облыстық прокуратурасына азаматтардан 11 мыңнан астам арыз-шағым түседі екен. Ал оны шешу мемлекеттік құрылымдардың құзырында болғандықтан, көбіне арыздарды қайта бағыттауға тура келеді. «Құқықтық қызмет көрсету орталығының ашылуы, мұндай мәселелерді шұғыл түрде шешуге мүмкіндік береді», дейді прокуратура өкілдері.

Данияр Мухияев, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі: 

– Біраз адамдар бізде талап арыз жазуды білмейді. Қайда барып, не істеуді білмей жүреді. Енді сол сұрақпен адвокатқа келеді. Адвокат талап-арызын жазып береді. Азаматтар оп-оңай барып, сотқа талап арыздарын тапсырады. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top