USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Ли Цзыго: Қазақстан ғаламды соғыс өртінен құтқаруға өз үлесін қосты

  • 232
Ли Цзыго: Қазақстан ғаламды соғыс өртінен құтқаруға өз үлесін қосты

«Қазақстанның ядролық қарусыз жолы өзге елдерге үлгі, әрі тәжірибе тұрғысынан көмек болмақ.

Осылайша бұл мемлекет ғаламды соғыс өртінен құтқаруға өз үлесін қосты». Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде жасаған «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» атты баяндамасына қатысты Қытай сарапшысы Ли Цзыго осылай деді.

Бейжіңдегі халықаралық мәселелерді зерттеу институтының маманы Қазақстанның даму жолы мен әлемдік саясаттағы рөлін бұрыннан зерттеп келеді. Сарапшының пікірінше, елдің әлем халқын бейбіт өмірге шақырған әрекеті тоқсаныншы жылдардан басталады. Қазақстан өз аумағындағы әлем бойынша төртінші ірі ядролық қарудан бас тартып, көптеген мүмкіндіктерге ие болды.

Ли Цзыго, Қытай халықаралық мәселелерді зерттеу институтының Еуразия бөлімі директорының орынбасары:

– Мен қазір Президент Назарбаев туралы кітап оқып жатырмын. Бұл туындыда Қазақстан көшбасшысының Семей ядролық полигонының зардаптарын өз көзімен көріп, оның ары қарай жұмыс істеуіне қарсы болғандығы туралы бір оқиға баяндалады. Демек қазақ басшысы ядролық қарудан бейбіт, қарапайым xалықтың зардап шегетінін анық түсінді. Бүгінде Қазақстан әлем мінбелерінде тұрып, өз ұстанымын айқын жеткізетін ықпалды елге, бейбітшіліктің жаршысына айналды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде