USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Астанада үйін заңсыз жалға берушілерге айыппұл салынады

  • 286
  • Media
<span class=favorites>Астанада үйін заңсыз жалға берушілерге айыппұл салынады</span>

Астанада пәтерін заңсыз жалға берушілермен жұмыс жалғасып жатыр.

Салық органдары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, үй-үйді аралауға көшті. Баспана қожайындары жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрмаса, 36 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Бұл – құқық қорғау және салық органы қызметкерлерінің жоспарлы тексеруі. Мамандар есік ашқан азаматқа мән-жайды түсіндіріп, жалға алу құжаттарын көрсетуін сұрады. Алайда тұрғын мұндай ережелерден мүлдем бейхабар екенін айтып, үй иесіне тікелей хабарласуды өтінді. Яғни онымен пәтер қожайыны жалға алу келісімшартын мүлде жасаспаған.

Әлішер Асқарбеков, қала тұрғыны:

– Өткен жылы достарымызбен осы үйді жалдап тұруға келістік. Үй иесімен сөйлесіп, ай сайын тиісті төлем жасайтын болдық. Бірақ арнайы келісімшартқа отыру ойымызға кіріп те шықпапты.

Жалға алу келісімшартының жоқтығы пәтер иесінің салық органына тіркелмей, көлденең табыс табатынын айғақтайды. Елордада мемлекеттік кіріс органдарының мамандары мұндай жағдайдың жиі орын алатынын айтады. Сондықтан үй-үйді аралап, пәтер иелеріне табысын жасырмай, бюджетке тиісті төлем жасау керектігін ескертіп әлек. «Талап орындалмаса, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады», – дейді олар.

Дәурен Әлайдар, Алматы аудандық кірістер басқармасының бөлім басшысы:

– Егер жылдық табысы ең төменгі АЕК аспаса, жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге де құқығы бар. Салық заңнамасына сәйкес олар жылына бір рет декларация тапсырып, алған табысынан 10 пайыз көлемінде салық төлеуге тиісті.

Бас қалада пәтерді жалға берушілермен жұмыс былтырдан бері жүргізіліп, 3 жарым мыңнан астам баспана қожайыны жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрды. Олар өз кәсібін заң талаптарына сәйкестендіріп, табысының 3 пайызын салық ретінде төлеп отыр.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ермек Кеншімбек

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде