USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

Астана әуежайында 100-ден аса адам отырған ұшақ ұшу жолағынан шығып кетті (бейне)

Астана әуежайында 100-ден аса адам отырған ұшақ ұшу жолағынан шығып кетті (бейне) tengrinews.kz

Астана әуежайында 100-ден аса адам отырған ұшақ ұшу жолағынан шығып кеткен.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі фэйсбук парақшасында жариялады.

«Астана әуежайында Эйр Астана әуекомпаниясының KS352 Шымкент – Астана рейсінің тіркеу нөмірі P4-KВВ Airbus-320 ұшағы 13:22-де қонғаннан кейін ұшып-қону жолағынан шығып кетті. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген. Аэродром 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 10 минутқа дейінгі аралықта жабылды. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде