Қазақстандықтарға жаңа мемлекеттік қызметтер ұсынылмақ - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74

Қазақстандықтарға жаңа мемлекеттік қызметтер ұсынылмақ

  • 130
Қазақстандықтарға жаңа мемлекеттік қызметтер ұсынылмақ

Енді қазақстандықтар электрондық үкімет сайтындағы жеке деректерін бұғаттай алады.

Жаңа қызмет түрі жайлы «Азаматтар үшін үкімет» қызметінің қорытындылары турасында өткен брифинг барысында сөз айтылды. Мемлекеттік корпорация төрағасы Абылай Оспановтың айтуынша, жеке кабинеті бар әрбір қазақстандық қызметті пайдалануға құқылы. Мақсат – ақпараттық қауіпсіздікті нығайту. Бұған қоса шілде айында аутентификациялаудың биометриялық жүйесін енгізу көзделген. Пилоттық жоба бойынша ерікті азаматтардың бет жүзі мен саусақ іздері пайдаланылатын болады. Келешекте бұл деректер төлқұжатты алмастыруы әбден мүмкін. Жалпы «Азаматтарға арналған үкімет» жобасы қолға алынғалы көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасы едәуір артқан.

Абылайхан Оспанов, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы:

– Жыл сайын «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандары 38 мыңнан астам қызмет түрін көрсетеді. Шалғай елді мекендердің тұрғындарына да қызмет көрсету үшін арнайы құрылған мамандандырылған қызмет көрсету орталықтары жылына 12 мыңнан астам сапарға шығып, 500 мыңнан астам қызмет ұсынады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде