USD 338.78

EUR 388.90

РУБ 5.38

Мәжілісмендер: Қазақстанда 3 миллионға жуық адам тұрғын үйге мұқтаж

Мәжілісмендер: Қазақстанда 3 миллионға жуық адам тұрғын үйге мұқтаж

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы баспаналар алдағы күз айларында берілуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері де қатысты. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі. Дегенмен нақты қай бағыттарға екені әзірге беймәлім. Белгілісі тұрғын үй құрылысы қарқын алады. Мәселен, биыл елімізде былтырғыдай жалпы аумағы 11 миллион емес, 12 миллион шаршы метрден астам баспана бой көтеруі тиіс. Ол үшін республикалық бюджеттен 150 миллиард теңге қаралса, қалған қаражат жеке инвесторлар тарапынан тартылады.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «7-20-25» бағдарламасын іске асыруымыз керек. Бұл үшін тағы жер бөлінуі керек. Жергілікті органдар, ауылдық жерлер, аудан орталықтарында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар бар. Соларға жағдай жасауымыз керек. Қазір тура айту мүмкін емес. Өйткені өңірлердің нарықтағы салынып жатқан құрылыс нысандарының ішінен алынуы мүмкін. Менің ойымша, қыркүйек айында басталуы тиіс.

Депутаттардың пайымдауынша, Қазақстанда 3 миллионға жуық адам тұрғын үйге мұқтаж. Оның ішінде пәтер және жер алуға өтініш білдіргендер де бар. Бір ғана Астанада бұл тізімде тұрғандардың тек 10 пайызы өз дегеніне жетіп отыр. Тек кейбір өңірлерде көрсеткіш 70 пайызға жетіп жығылады.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

- Жергілікті әкімшілік органдарында 465 мың адам кезекте тұр. Әр облыс бойынша: Ақмола облысында 21 мың адам, Ақтөбе облысында 27 мың адам. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» санасақ, 1 миллион 96 мың адам. Оларды да санап отырмыз. Үшінші бағыт бойынша 1 миллион жер кезегінде тұр. Осы 2,5 млн-ды қалай қамтимыз дегенді талқылаудамыз, «Нұрлы жер» бойынша 1,5 млн пәтер саламыз ба деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде