USD 338.78

EUR 388.90

РУБ 5.38

Еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Ресейге ресми сапармен барды

Еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Ресейге ресми сапармен барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.

Онда еліміздің бас мүфтиі өзінің әріптесі, яғни көрші ел мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті. Басқосу барысында рухани-мәдени һәм діни саладағы әріптестік жайы сөз болды. Діни басқармалар арасындағы байланыстың уақыт өткен сайын беки түскені де тілге тиек етілді. Сондай-ақ біздің елдің бастамасымен наурыз айында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы әңгіме қозғалды.

«Бұл халықаралық шара аймақтағы дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндеді»,- деді Серікбай қажы Ораз.

Сонымен қатар тараптар игі істерді бірлесіп атқаруға, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алуға және бұл саладағы күрделі мәселелерге қатысты ортақ ой-пікірде болуға уағдаласты. Ресми кездесуден кейін Серікбай қажы Ораз Ресейдің ең үлкен мешітінде рамазан айының қадір-қасиеті мен мұсылман үмбетінің бірлігі жайлы уағыз айтты.

Серікбай қажы Ораз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:

- Көрші елдер арасындағы бірлік пен ынтымақты, бар ғылыми, рухани, мәдени саладағы ынтымақты нығайту жұмыстарын пысықтау болып отыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде