352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда белсенділер қаладағы жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалайды

  • 331

Орал қаласында қоғам белсенділері шаһар көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының сапасын қадағаламақ.

Осы мақсатта Мемлекеттік қызмет істері департаментінің жанынан арнайы мониторингтік топ құрылды. Оның құрамына түрлі үкіметтік емес ұйым өкілдері енді. Жыл соңына дейін облыс орталығында 50 шақырымдай көше жөнделмек, 23 әлеуметтік нысанға апарар жол салынбақ, 29 аула абаттандырылмақ. Құрылыс алаңын аралау барысында қоғам белсенділері бірқатар мектептер мен емдеу мекемелеріне  асфальт жол жоқтығын, жауын-шашында балалардың толарсақтан саз кешіп жүргенін анықтады. Аулаларды абаттандыру жобаларында да кемшілік аз емес.

Айгүл Туркина, арнайы мониторинг топ мүшесі:

- Жолдарды салу кезінде үйлердің арасында көлік қоятын орындар, бос жерлер ескерілмейді. Бәрін бордюрмен қоршап тастайды. Мәселен, біз жаңа ғана қарсы келе жатқан екі көліктің өте алмай тұрғанына куә болдық. Ал егер сол жерде өрт болса, өрт сөндіру автомашинасы немесе жедел жәрдем көлігі қалай өтеді? Аулаларды абаттандыру жобасын жасағанда осының бәрін ескерген дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы