352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жалақысы 60 мың теңгеден төмен азаматтар үшін салық жүктемесі азаяды

  • 208

Келер жылдан бастап жалақысы 60 мыңнан аспайтын қазақстандықтар үшін салық жүктемесі 10 есеге азаяды.

Бұл шамамаен 2 млн адам. Халықпен есептік кездесу өткізген Ұлттық экономика министрі осылай деді. Тимур Сүлейменов өткен жылдың қорытындыларымен де бөлісті. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге тікелей жауапты құзырлы органның оң нәтижелері аз емес. Мысалы, Индустрияландыру картасы аясында былтыр 120 жоба жүзеге асқан. Нәтижесінде он мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. «Нұрлы жол» бойынша 4 мың шақырым жол жөндеу көрсе, «Нұрлы жер» 100 мың қазақстандықтың баспаналы болуына септігін тигізді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- 2017 жылы халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның инвестициялық сенімділік деңгейін растауы және болжамының терістен тұрақтыға жақсаруы оң өзгерістердің куәсі болды. 2018 жылғы зерттеу қорытындылары бойынша әлемдік бәсеге қабілеттілік рейтінгісінде Қазақстан 38-орынға ие болады.

Хабар 24 телеарнасы