USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

«SCAT» компаниясы әуе рейстерінің кешігуіне қатысты түсініктеме берді

«SCAT» компаниясы әуе рейстерінің кешігуіне қатысты түсініктеме берді

Соңғы күндері елімізде әуе рейстері арқылы діттеген жеріне уақытылы жете алмағандар көбейді.

Оған себеп - ұшақтарға қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттілігі дейді СКАТ компаниясының өкілдері. Мәселен, бүгін 4 бірдей ұшақтың ұшпайтындығы белгілі болды. Яғни Тараздан Астанаға келетін 3 рейс пен Астанада Таразға кетуі керек 1 рейс тоқтатылды. Осындай Кестедегі ауытқулар 3 маусымнан бері орын алып келеді. Ал, заң бойынша бұндай жағдайда жолаушы әуе копаниясынан өтемақы талап етуге міндетті. Рейстерге қатысты олқылықтар осы аптаның соңына дейін реттелуі керек. Бұл жөнінде әуе компания өкілдері біздің арна тілшілеріне телефон арқылы хабарлады.

Тоғжан Қожалиева, жолаушы:

- Мен сағат 14:10-да ұшуым керек еді. Рейстің тоқтатылғанын тек сағат 12-де білдім. Алдын ала ешқандай ескерту болмады. Амал жоқ басқа әуе рейсімен ұшуыма тура келді. Жұмысымды шұғыл бітіріп, енді Алматыға қайтайын десем тағы да рейс тоқтатылған. Әуе компаниясына біраз қоңырау шалдым. Бірақ тұшымды жауапты ешкім бермеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде