353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Глубокое ауданындағы халық жергілікті цех жұмысына қарсы болып отыр

  • 118

Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданы Верхнеберезовск кентінің тұрғындарынан маза қашты.

Ондағы жұрт сол жердегі мысты штейн өндіретін эксперименттік цех жұмысына наразы. Айтуларынша, аталған өндіріс ауаны ластап, халық денсаулығына кері әсерін тигізеді. Ал цех басшылығының өкілдері болса, барлық талаптар сақталған, тұрғындардың алаңдауына ешбір негіз жоқ деген уәждерін алдыға тартады. Шет елден инвестор тартылған жоба қазір осы түсінбеушілік салдарынан тоқырап тұр дейді олар.Тараптардың пікірін тілшіміз тыңдап қайтты.

Мысты штейн өндіретін экспериментті цехтің кейпі осы.Біз барғанда ол жерден  адам қарасы көрінбеді. Не қоршау, не күзет жоқ. Тым-тырыс. Тек қазандықтың ішінде қандай да бір химиялық реакция жүріп жатты.

Юрий Васильев  цех экологиялық әрі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белден басып тұр деп санайды. Тіпті жұмысшылардың мына тізіліп тұрған арбалармен үйіндіні тасып  қазандыққа қолмен салып жатқанына талай куә болыпты. 

Юрий Васильев, Верхнеберезовск кентінің тұрғыны:

- Біз барлық құзырлы органдарға хабарластық Негізі өткен жылдың шілдесінен бері осы цех сынама ретінде аракідік жұмыс істей бастады. Бірақ одан шыққан зиянды түтінді байқап біз бірден бас көтердік.. Мінеки осы бейсенбіде де алқалы жиын өтті. Алайда 6-шы шілдеде пеш толықтай жұмыс жасап кентті көк түтін басып кетті. 3 күн бойы тұншығып жүрдік деуге болады.

Сол сәтті тұрғындар бейнекамераға да түсіріп алған. Онда будақтаған түтін анық байқалады. Металлургиялық пеш халық шулай бастаса жұмысын тоқтатып, аптық басылғанда қызметін қайта жалғастырады дейді бұндағылар.

Бүгін де өндірістің тоқтап тұруы 6 шілдеден кейінгі жұрт наразылығының салдарынан екен. Верхберезовск кентінің өзге тұрғындары да өз денсаулықтарына алаңдаулы.

Нұрболат Мадиев, кент тұрғыны:

- Таңертең бұлар қосқан кезде өте жағымсыз иіс шығады,әрі бері жүргеннен кейін бетті күйдіреді,кәдімгідей демалған кезде тамақты ашытады,тамақ кеуіп тұрады.

Кент әкімдігі де елдің пікірімен санасып, арнайы жұмыс комиссиясын құрыпты. Енді аталған цех тоқтатылды, бірақ қашанға дейін екені беймәлім дейді мамандар.

Талғат Тағанбеков, Верхнеберезовск кентінің әкімі:

- Жұрттың қарсылығына орай цех жұмысы уақытша тоқтатылды. Дегенмен біз олардың барлық құжаттары бар екеннін көрдік. Бірақ  шығып жатқан түтіннің сынамасы әлі алынып зерттелген жоқ.

Эксперименттік цех басшылығы заңды бұзбағандарына сенімді. Арнайы сүзгі орнатылғандықтан қоршаған ортаға келер зиян жоқ дейді олар. Мақсаттары алдымен кен қалдықтарын қайта өңдеп мысты штейін шығару болса, нығая келе  осы кентте тоқтап қалған ірі кен-байыту фабрикасын қайта іске қосу екен. Қазірдің өзінде олар 60 адамды  жұмыспен қамтыған көрінеді.

Гүлнәр Қизатова, кәсіпорын директорының орынбасары:

- Біздің жоспарымыз фабриканы толыққанды жұмысқа қосып сол ауылды көркейтпекші мақсатында болғанбыз.сол ауылды толық жұмыспен қамтып жұмысссыздықты шешуді бетке ұстап отырмыз. Ешқандай шектемеден асқан жоқпыз, ол қағаздың барлығы бар.

Цех өкілі экологиялық талап шектемелерінен аспадық десе, экологтар тиісті тексеріс жүргізе алмадық деп бұған кереғар пікір айтты.

Аян Қайдаров, облыстық экологиялық департаментінің бөлім басшысы:

- Өкінішке орай біз барған кезде бұл кәсіпорын толық жұмыс істемей тұрады, сондықтан биыл да қажетті сынамалар мен зерттеулерді жүргізе алмадық. Бұл кәсіпорын экологиялық заңнамаларды бұзды ма,бұзбады ма  растай алмадық.

Экологтар жақында қайтара тексеріс жасауға ниетті. Ал өндіріс орнының өкілдері  металлургиялық цехтің іске қосылуы 2500 тұрғыны бар кент үшін үлкен серпіліс береді, тек  толассыз наразылықтан қолымыз жіпсіз байланып отыр дейді.

 Авторлары: Э.Ахметова. Д.Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы