369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда жер телімдерін заңсыз иеленген тұрғындар жазаланды

  • 209

Ақтаудағы «Маяк» тұрғын үй массивінде тұрған 10 коттедж иесі мемлекет меншігіндегі жер телімдерін заңсыз иеленіп алғаны анықталды.

Жергілікті халық «Бор» мүйісі деп атап кеткен жағалаудағы екіқабатты үйлер теңізде демалушылар өміріне қатер төндіріп тұр. Дәлірек айтсақ, жекелеген тұрғындар баспана салуға рұқсат берілген 10 сотықтан артық жерге темір шарбақ орнатып, үйінің айналасын қоршап алған. Салдарынан адамдар Каспийге жартасты жағалаудағы тар жермен жүріп жетуге мәжбүр. Кей жерлердегі жаяу жүргінші жолы мүлдем жабылған. Қала әкімдігі былтыр осы 10 коттедж иесіне бірнеше рет жазбаша түрде ескертпе беріпті. Алайда нәтиже болмаған соң сотқа жүгінді.

Ерұлан Кенған, қалалық жер бөлімі ММ басшысы:

– Нәтижесінде қазіргі таңда 4 учаске өздігімен қалпына келтірілді. Бір учаске бойынша әлі сот процестері жүруде. Қалған 5 учаске бойынша сот шешімі шықты. Соттың атқару парағы шыққаннан кейін сот орындаушылары тарапынан мәжбүрлі түрде қалпына келтірілетін болады. Қала әкімдігі осы жұмыстарды ұдайы бақылауда ұстап отыр.

Хабар 24 телеарнасы