352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

  • 151
Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Елордада өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 100-ге жуық жұмыс беруші мекеме мен екі қолға бір күрек таппай жүрген 500-ге жуық адам қатысты.

Бос жұмыс орнын ұсынып отырғандар арасында мемлекеттік мекемелерден бөлек, жеке сектордың өкілдері бар. Сондықтан жәрмеңкеге келушілерге қарапайым сатушыдан бастап банк қызметкері, мұғалім, дәрігер мамандығы ұсынылды. Сондай-ақ еңбек нарығында электрик, дәнекерлеуші мамандарына сұраныс бар. Жұмыс берушілер 40-50 мыңнан бастап 300 мың теңгеге дейін жалақы ұсынып отыр. Статистикаға сүйенсек, биыл жұмыспен қамту орталығына 7 мыңнан астам тұрғын өтініш қалдырған.

Қаламқас Күлшіманова, жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы:

– Астанада осымен үшінші рет өткізіліп жатыр. Жалпы 6 жәрмеңке жоспарланған. Бұл – үшіншісі. Алдағы уақытта осындай 3 жәрмеңке өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы