352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бішкекте айы-күні жетпей туған сәби Таразға жеткізілді

  • 132

Бішкекте айы-күні жетпестен туған шақалақ Таразға аман-есен жеткізілді.

Жамбылдық дәрігерлер қазір сәбидің жағдайы жақсарғанын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, 5 шілдеде Ыстықкөлге отбасымен демалуға барған алматылық Юлия Когайды толғақ қысқан. Шолпан ата қаласындағы перзентхана мамандары шала туған сәбиге арналған арнайы құрылғы жоқтығын айтып, жүкті әйелге неонатологиялық көмек көрсетуден бас тартқан. 33 апталық шарананың өмірге келуіне Қырғызстандағы Қазақстан консулы көмектесіп, Бішкектегі Ұлттық ана мен бала орталығына орналастырған. 6 шілде күні көрші елдің дәрігерлері ананы аман-есен босандырып, шала туған сәбиге алғашқы көмек көрсеткен. Салмағы 2 келіге жетпейтін шақалақты елге жеткізу үшін елшілік, Бішкектегі Ана мен бала және Жамбыл облыстық перинаталды орталығы арасында байланыс орнатылды. Туыстары Тараз қаласында тұратын болғандықтан үш баланың анасы атанған Юлия баланы бақылауда ұстауға осы орталықты лайықты деп тапқан.

Юлия Когай, Алматы қаласының тұрғыны:

- Менің баламның жағдайы күннен күнге жақсарып келеді. Туа сала түрлі ауыр ем-шаралар жасалды, қазір біз барлық дәрі-дәрмекті ішуді тоқтаттық. Өзі емін еркін тыныс алып, ана сүтін емуде.

Талғат Толықбаев, бас дәрігердің неонатология ісі жөніндегі орынбасары:

- Нәрестенің жағдайы босанған кезде өте ауыр болған, біз сол жақтағы дәрігерлермен телефон арқылы хабарласып тұрдық, нәрестеге қандай көмек көрсету мақсатында, енді біздің елге аман-есен жеткізіліп, қазір баланың жағдайы бірқалыпты.

Хабар 24 телеарнасы