352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда ыстық судың беруі тоқтатылады

  • 67
Қостанайда ыстық судың беруі тоқтатылады

Тамыз айының екінші жартысында Қостанай қаласында ыстық су беру тоқтатылады.

«Қостанай жылыту-энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәлімдеуінше, қалада жылыту маусымына дайындық аясында магистралдық жылу беру желілері жөнделеді және олардың жоғары қысымға дайындығы тексеріледі. 13-27 тамыз аралығында жылу көздері қондырғыларының жұмысы тоқтатылады. Осыған байланысты «ҚЖЭК» МКК қала тұрғындарынан жерүсті жылу құбырларына жақын келмеуін сұрайды.

alau.kz

Хабар 24 телеарнасы