356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі автобөлшектер базары қоршауға алынды

  • 148
Шымкенттегі автобөлшектер базары қоршауға алынды tengrinews.kz

Шымкентте полицейлер автобөлшектерді сататын ірі базарды қоршауға алды.

Бұл туралы Tengrinews.kz куәгерлерге сілтеме жасап хабарлайды.

«Тура сағат 10-да жергілікті полиция қызметкерлері «Тұлпар-2030» базарын қоршауға алды. Оқиға орнында 200 қызметкер жұмыс істеп жатыр.

«Формадағы адамдар тіркелу құжаттарын, автокөліктің құжаттарын тексеріп жүр. Одан бөлек, полиция қызметкерлері аксессуар сатуға рұқсат қағаздарын тексеріп, саудагерлердің барлығы ҚР Қылмыстық істер кодексінің 196-бабымен таныстырылды», – деді базар сатушысы. Қалалық тіркелімде жоқ адамдарды Абай ауданының аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. «Құқық тәртібі» рейді, полицейлердің мәліметтері бойынша, профилактикалық мақсатта жүргізілді. Барлық сатушы ұрланған тауарларды сату қылмыстық жауапкершілік алатынын жазбаша ескерту алды. 1000-ға жуық адам бланктерге қол қояды деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы