356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денис Теннің өліміне қатысты күдікті Ж.Толыбаева 2 айға қамауға алынды

  • 229
Денис Теннің өліміне қатысты күдікті Ж.Толыбаева 2 айға қамауға алынды

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынды.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы спортшы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адамның ұсталғаны туралы хабарлаған еді. 

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адамға қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Алмалы аудандық сотына Жанар Толыбаеваны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялауға өтініш түсті. Әйел адам ҚР ҚК 434-бабы мен 188-бабының 2-бөлімі бойынша 2 айға қамауға алынды», - деді қалалық соттан.

Айта кету керек, ҚР ҚК 434-бабы бойынша болған немесе жоспарланған қылмыс туралы ақпаратты уақтылы хабарламағаны үшін күдікті 14 млн 400 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ күдікті бойжеткен ҚР ҚК 188-бабы ұрлық жасағаны үшін айыпталып отыр. Егер оның аталған бап бойынша кінәсі дәлелденсе ол 1000 АЕК, яғни 2 млн 405 мың айыппұл төлейді немесе 3 жылға дейін сотталады.

Хабар 24 телеарнасы