352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да көлеңкелі бизнеспен күрес күшейтіледі

  • 108

Ақмола облысында жыл басынан бері акцизсіз 3 тонна спирт, 370 мың шөлмек алкогольдік өнім және 30 мың қорап темекі тәркіленген.

Ал мемлекетке келген шығынның жалпы сомасы 90 млн теңгеден асады. Мемлекеттік кіріс департаменті мамандарының айтуынша, осы істер бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ аймақта заңды тұлғаларға қатысты қаржы мәселесінде де келеңсіздіктер көп. Әсіресе салық төлеуден жалтару, жалған шот-фактуралар мен құжаттар жасау секілді қылмыс түрлері белең алған. Мәселен, жыл басынан бері 280 млн теңгенің салығы төленбеген. Осындай қылмысқа барған заңды тұлғалар қазір қамауда отыр. Енді мемлекеттік кіріс департаменті қызметінде кінәраті немесе күмәнді кәсіпкерлерді бақылауға алмақ. Дегенмен, олардың құқығы толық сақталады екен.

Саят Сауқомбеков, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

- Кәсіпкерлерді бақылау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған салық, кеден және экономикалық тергеу органдарының өкілдері кіреді. Фьюжн орталық деп аталатын бұл ұйым жауапсыз заңды тұлғаларды қашықтықтан бақылап отырады. Қандай да бір заңбұзушылық анықталған жағдайда ғана әрекетке көшеді.

Хабар 24 телеарнасы