352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда оқушыларға арналған тегін ІТ-сынып ашылды

  • 253

Тараз қаласының №30 мектеп-гимназиясында ІТ-сынып ашылды.

Бұл шаһарда ашылып отырған екінші орталық. Мұнда 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. Сынып 10 компьютермен жабдықталған. Аптасына 200 оқушы  роботтық техника мен бағдарламалау негіздерінің қыр-сырын тегін үйренеді. Өңірде жыл соңына дейін 12 ІТ-сынып ашу жоспарланған. 

Айта кету керек, бұл орталық Қазақстан Республикасына еңбегін сіңірген өнер қайраткері Алтынбек Қоразбаевтың демеушілігімен ашылған. 

Адай Рахбаев, IT-кабинет меңгерушісі:

- 4 бағыт бойынша оқытылады. Инженерия, 3D бағдарламалау, бағдарламалау және робототехника, 3D модельдеу, олар «Аутодеск» деген бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Ал робототехникадан өздері робот құрып, командалар беріп, жұмыс істеткізеді.

Хабар 24 телеарнасы