359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының Созақ ауданында 34,7 шақырым жол жөндеуден өтеді

  • 547
Түркістан облысының Созақ ауданында 34,7 шақырым жол жөндеуден өтеді

Түркістан облысының Созақ ауданындағы барлық ауыларалық жолдардың құрылысы толық аяқталды.

Ең соңғы Балдысу мен Қарабұлақ елді мекендерін байланыстыратын 5 шақырымдық жол таяуда тапсырылды. Екі ауылды жалғайтын күре жолдың құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Жалпы жобалық-сметалық құны – 224 млн теңге. Қазір ауыл тұрғындары тақтайдай тегіс жолдың қызығын көріп отыр. Сонымен қатар ауданаралық маңызы бар Созақ-Түркістан айналма жолы да пайдалануға беріліп, ел игілігін көріп жатыр. Ұзындағы 7 шақырымдық автокөлік жолы өткен жылы аяқталды. Оған облыстық қазынадан 326 млн қаржы жұмсалған. «Енді ауыр жүк көліктері бұрынғыдай аудан орталығының ішімен емес, сыртымен жүре бастады. «Әрі жол қысқарады», – дейді мамандар. Сондай-ақ биыл аудан көлеміндегі кейбір елді мекендердің ішкі жолдары орташа жөнделіп, қиыршық тас төселмек.

Тұрысбек Шылманбетов, Балдысу ауылының тұрғыны:

- Осы ауылдың ортасында мектепке бала қатынайды. 35-40-қа жуық бала бар. Сол балаларды газельмен тасиды. Сол газель тасымал үшін өте қолайлы болды. Мысалы, осы жолдың бойында тұрып қалды, бұзылып қалды, қардан өте алмай қалды деген сылтау да, заңды себеп те көп болатын. Міне, өздеріңіз көргендей, біз үшін Астананың жолынан еш кем емес.

Дәулет Құдайбергенов, Созақ аудандық ТКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Биылғы жылы ауданда 34,7 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Аудандық бюджеттен 216 млн-ға орташа жөндеу, яғни қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы