356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы Көксу қант зауыты көгілдір отынға көшті

  • 129
Алматы облысындағы Көксу қант зауыты көгілдір отынға көшті El.kz

Жетісудың Талдықорған өңіріне табиғи газ жеткізу жұмыстары нәтижелі жүріп жатыр.

Көгілдір отынды енді тек тұрғындар емес, кәсіпорындар да пайдалана бастады. Мәселен, облыс орталығына жақын жердегі Көксу қант зауыты биыл модернизациядан өтіп, көгілдір отынмен жұмыс істеуге көшті. Бұрын жылына 10 мың тонна мазут пайдаланатын. Ол экологияға көп зиян келтіретін. Алдағы мақсат – маңайдағы шаруа қожалықтарынан 240 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, одан 28 мың тонна таза қант өндіру.

Айта кетейік, Алматы облысы биыл қант қызылшасының алқаптарын 11 мың 200 гектарға жеткізіп отыр. Сондықтан қант зауыты шикізаттан тапшылық көрмейді. Ал көгілдір отынды пайдалану кәсіпорын үшін тиімді болмақ.

Амандық Баталов, облыс әкімі:

- Зауыт бойынша шығын 20-25 пайызға азаяды. Бұның барлығы қанттың бағасын азайтып, өнім жоғары болады. Сол жерде жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың жалақысы өседі.

Хабар 24 телеарнасы